Облыс орталығындағы №23 учаскеге келіп дауыс берушілердің қарасы көп болды. Мұнда референдумға қатысу құқығы бар 1200-ге жуық адам өз таңдауын жасады. Екі адам үйде дауыс берген. Ал алғаш рет саяси науқанға қатысқан азаматтарға учаскеде арнайы сый да ұйымдастырылды. Учаскелік комиссия төрағасының сөзінше, ешбір құқық-бұзушылық тіркелген жоқ. Бәрі талапқа сай өтті. Азаматтар әрбір дауыс – елдің дамуына қосылған үлес деп есептейді.