Қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері референдум кезінде заңбұзушылық немесе дауыс беруге кедергі келтіретін төтенше оқиға тіркелмегенін айтты. Дауыс беру үдерісі жоспарлы, ұйымдасқан жағдайда өтті. Учаскелерге әртүрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысты, дейді. Саяси науқанда байқаушылар да ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының Қостанай облысы бойынша төрағасы да өз таңдауын жасады.