Торғай топырағынан түлеп ұшқан, әнімен елдің еңсесін көтеріп, сазымен сан жүректі тербеген біртуар тұлға. Өнері – өшпес мұраға, есімі – халық жадында мәңгілікке айналған Қалибек Деріпсалдин. Қостанайда қазақ руханиятының қайталанбас перзентін еске алуға арналған «Сағыныш сазы» атты тағылымды кеш өтті.