Мексика елінің Матиз есімді азаматы қазақтың қасиетті домбырасының қоңыр үнін естіп, ұлттық аспапқа ерекше қызығушылық танытқан. Ол домбыра күмбірі арқылы халқымыздың рухани әлемін сезініп, оны кәсіби деңгейде үйренгісі келетінін білдірген екен. Алайда, қолында аспап болмағандықтан, арманына қадам басуға мүмкіндік таппай жүргенін айтқан. Шетелдік азаматтың домбыра шертуіне жергілікті өнер жанашырлары қолғабыс етіп, саз апабын сәлемдеме арқылы мұхит асырды.