Қазақ тілін үйренуге жетелейтін жол – жеті қадамнан басталады. Өңірде кезекті рет ұйымдастырылған «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасы өз мәресіне жетті. Биыл бұл игі бастамаға 106 оқушы қатысты. Олардың ішінен дарынымен көзге түскен 70-ке жуық талапты бала салтанатты түрде марапатталды. Жеті ай ішінде қазақ тілін еркін үйреніп алған өрендерге жоғары оқу орнына жолдама берілді