Сыйға сый. Кезінде кәсіп ашып, мемлекеттің қолдауы арқасында істері өрге басқан кәсіпкерлер енді туған өлкені түлетуге өздері де үлес қосып жатыр. Қостанайда жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. Сән-салтанаты келіскен шағын саябақ жергілікті құрылыс компаниясының – қалаға тартуы. Оның аумағы 25 шаршы метр. Шаһар орталығынан орын тепкен демалыс алаңын аймақ басшысы аралап, оң баға берді.