Қостанайлық жеке кәсіпкер интернет алаяқтардың қақпанына түсіп, қомақты қаражатынан айырылды. Өздерін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған қылмыскерлер кәсіпкерден телефонға келген 4 сандық смс-кодты айтуды сұраған. Кодты алған соң, алаяқтар оның банк шотына қол жеткізіп, 17 миллион теңгені аударып үлгерген. Сан соғып қалған азамат, Ұлттық банк қызметкеріне көмек сұрап хабарласқан.