Қазіргі күні аутизм жай ғана жеке отбасы мәселесі емес, жаһандық деңгейдегі маңызды тақырыптардың бірі. Әлемде шамамен 61 миллионнан астам адам, яғни әрбір 127-ші адамда аутизм белгілері байқалады. Бұл тек статистика емес: бұл -әлеуметке, білім беру жүйесіне, медициналық және психологиялық қолдауға үлкен жауапкершілік жүктейді.