Қазақстанның халық ақынына елі осылайша құрмет көрсетті. Айтыс сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлене жүріп қаншама жыр сүлейлерін шыңдап, айтыс додасына қанат қақтырған Әсия Беркеноваға халық ыстық ықыластарын білдірді. Ақындар айтысынан кейін торқалы той шығармашылық кешке ұласты.