Қостанай облысы биылғы жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты көрсеткіштерімен қорытындылады. Аймақта ішкі өнім 30 пайызға артып, кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 28 пайызға дейін өсті. Индустриялы-инновациялық бағыттағы нәтижелер де көңіл қуантарлық. Ірі жобалардың біршамасы облыс орталығында жүзеге асуда. Мәселен, биыл Қостанайда «Тобыл» көлік-логистика кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Шаһардағы ілкімді істердің барысы өңір басшысының жергілікті жұртшылықпен кездесуінде баяндалды.