Қостанайда «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын 2023–2027 жылдары іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Жиынға қатысқан «AMANAT» партиясы орталық аппаратының хатшысы өңірдің стратегиялық даму бағытына жоғары баға берді.