Қостанай облысында эпидемиологиялық маусымның белсенді кезеңі басталып, жұқпалы респираторлық вирустық инфекция мен тұмау жағдайлары көбейіп жатыр. Бірқатар мектеп қашықтан оқытуға ауысып, инфекциялық стационарларда жүктеме артты. 1 қазан мен 18 қараша аралығында облыста 36 мыңнан астам жағдай тіркелген. Аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе жоғары