Елімізде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы қарқынды жүзеге асуда. Оның басты бағыттарының бірі – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және қалалардың санитарлық жағдайын жақсарту. Соған қарамастан, көптеген аумақтарда қоқыс мәселесі әлі де өзекті. Кей жерлерде контейнерлердің сыртына дейін үйіліп жатыр. Осы ретте қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі маусым айында жаңа пилоттық жобаны іске қосқан еді. Нәтижесін әріптесім баяндайды.