Жангелдин ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Негізгі басымдық – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту және экономикалық әлеуетті нығайту. Осы жылға аудан бюджеті алғашында 5 млрд 155 млн теңге болып бекітілсе, жыл ішінде трансферттер арқылы толықтырылып, қазіргі таңда 7 млрд 063 млн теңгеге жетті.