Қазақстанда 2025–2026 жылдары салық жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілмек. Жаңа салық кодексі қабылданып, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Реформа бизнеске түсетін жүктемені азайту, салықтық әкімшілікті жеңілдету және салық салудағы әділдікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл жайлы Қостанайда өткен дөңгелек стөлде айтылды.