Күллі қазаққа ортақ торқалы той. Тобыл-Торғай өңірінде ұлт ұстазы, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар легінің шымылдығы кіндік қаны тамған жер Қызбел мекеніне қарасты Бидайық ауылында түрілді. Мұнда қоғам қайраткерінің қайта жаңғыртылған мұражайының салтанатты ашылуы өтті.