Тобыл-Торғай өңірі үшін тарихи оқиға. Қостанай қаласында ұлт руханиятының жанашыры, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі - Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ұлы тұлғаға арналған монумент ашылды. Еңселі ескерткіш – ел ертеңі үшін күрескен қайраткер құрметіне деген бүгінгі ұрпақ тағзымының белгісі. Салтанатты рәсім қаладағы Міржақып Дулатов көшесіндегі саябақта өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, ел ағалары және зиялы қауым өкілдері мен мәртебелі меймандар қатысты. Мерейтойға қатысты іс-шаралар легін бүгінгі арнайы шығарылымда рет-ретімен баяндаймыз.