Жангелдин ауданында Міржақып Дулатұлының тойына дайындық жұмыстары аяқталуға таяу. Мерекелік іс-шара ертең таңертең алаш арысының кіндік қаны тамған Қызбел ауылынан басталады. Осы жерде жұртшылық Міржақып Дулатұлының кесенесіне тағзым етіп, музей үйінің реэкспозициядан кейінгі салтанатты ашылу рәсімін тамашалайды.