Облыста «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Биыл ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Полиция заң мен тәртіп күзетінде» ұранымен өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары бірінші қарашаға дейін тұрғын үйлерді аралап, халықпен кездесу өткізеді. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Полицейлердің мәліметінше, соңғы бірнеше айда өңірде мас күйінде жасалған қылмыстардың көрсеткіші азаймай отыр.