Қазіргі күні бейтаныс нөмірден қоңырау шалынса, көбі телефонды алуға да қорқатын болды. Себебі ол алаяқ болуы мүмкін. Бүгінде интернет арқылы жасалатын қылмыс азаматтарды ең көп алаңдатқан мәселенің біріне айналды. Облыста әсіресе, қарттар мен жастардың кибералаяқтар қақпанына түсу фактілері жиілеген.