Қостанай өңірлік университетінде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл оқу орнын екі мыңнан астам бакалавр мен магистрант тәмамдады. Салтанатты іс-шарада әскери кафедраның түлектеріне запастағы лейтенант шені табысталды.

Биыл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін 2242 бакалавр мен 239 магистрант аяқтады. Экономика және құқық факультетінің түлектері маңызды құжаттарын алып, жаңа өмірге қадам басты. с-шара әскери кафедра түлектері үшін де есте қаларлық болды. 10ға жуық түлек бакалавр дәрежесінен бөлек, запастағы лейтенант атағын да алды.Оқу ордасының түлектерін облыс әкімінің орынбасары құттықтады. Бақытжан Нарымбетов жастарға ақжарма тілектерін арнап, алған білімдерін туған елінің өркендеуіне жұмсауға шақырды.Университет басшылығы түлектер үшін білім жолы мұнымен аяқталмайтынын атап өтті.

Бітіруші түлектер қатарында оқуын магистратура мен докторантурада жалғастыруға ниетті жастар аз емес. Қолдарына диплом алған жас мамандар енді еңбек жолына қадам баспақ. Ал университет қабырғасында өткен студенттік жылдар олардың өміріндегі ең жарқын кезеңдердің бірі болып қала бермек.