Көктемнің әр күні жылға азық. Өңір диқандары дала жұмыстарына қызу дайындық үстінде. Жаңа тракторлар мен цифрлық жүйелер Қостанай ауданында өткен «АгроТобыл 2026» ауыл шаруашылығы техникасының көрмесінде таныстырылды. 40-тан астам компания өздерінің жаңа техникалық әзірлемелерін ұсынды. Жаңашылдықтардың қатарында егістік алқаптарына тыңайтқыш шашатын ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тракторлардың әртүрлі үлгілеріне арналған автопилот жүйелері бар.