Бүгінде әлемдік қаржы нарықтарында инвестициялау қарқынды дамып, цифрлық технологиялар қор биржаларына қолжетімділікті жеңілдетті. Осы жаһандық үрдіс аясында жеке инвесторлар саны артып, инвестициялық мәдениет қалыптасуда. Қазақстанда да халықтың қаржы нарығына қызығушылығы жылдан жылға өсіп келеді. Осыған байланысты Қостанайда Teniz Capital Investment Banking инвестициялық банкінің филиалы ашылды.
Енді өңір тұрғындары үшін қор нарығына шығу бұрынғыдан да қолжетімді болмақ.Қостанайда қаржы саласындағы маңызды оқиға - жаңа инвестициялық орталықтың ашылу салтанаты өтті. Жаңа кеңсе компанияның Қазақстан бойынша бесінші нүктесі болып отыр. Орталық Абай көшесі, 101 мекенжайында орналасқан. Банк қаржы нарығында 30 жылға жуық жұмыс істеп, мемлекеттік және корпоративтік облигацияларды орналастырумен айналысады.
Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары облыста жеке инвесторлар саны айтарлықтай артқан. Осы сұранысты ескере отырып, компания өңірде ресми филиал ашу туралы шешім қабылдаған.Бүгінде инвестициялау процесі толық цифрлық форматқа көшті. Енді клиенттер банк бөлімшесіне бармай-ақ, мобильді қосымша арқылы бірнеше минут ішінде брокерлік шот аша алады. Арнайы әзірленген Tabys Pro платформасы кез келген қолданушыға нарыққа тікелей әрі жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.Tabys Pro қосымшасы инвестициялау процесін айтарлықтай жеңілдетті. Кез келген адам аз уақыт ішінде әлемдік және жергілікті нарықтарда сауда жасай алады.
Сондай-ақ қосымшада бастапқы пайдаланушыларға арналған оқыту курстары, нарықты талдауға көмектесетін жасанды интеллект көмекшісі бар.Осылайша, инвестициялау бүгінде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып, цифрлық технологиялар бұл үдерісті жеңілдетті. Ал 25 маусым күні «Тобыл» мейрамханасында сағат 18:00-де инвестиция және қор нарығы бойынша ашық таныстырылым өтеді. Қатысушыларға қолжетімді қаржы құралдары, Tabys Pro қосымшасының жұмысы және инвестициялаудың алғашқы қадамдары туралы ақпарат берілетін болады.