Журналистердің кәсіби мерекесіне орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан биыл алғаш рет аймақтардағы журналистерге пәтер кілті табысталды. Сол сияқты саланың бірқатар қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды. Қостанайда өткен салтанатты шарада облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел Президентінің медиа саласына көрсетіп отырған қолдауын атап өтті.