Халықаралық олимпиада күніне орай Қостанайда салтанатты іс-шара өтті. Онда өңірдің спорт саласына үлес қосып жүрген спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Түрлі спорт сайыстарында топ жарған 23 чемпион құрметке ие болды.


Халықаралық олимпиада күні спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды мереке. Марапат иелерінің қатарында халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері бар. Ольга Курьерова да бұл күні ерекше ілтипатқа ие болды. Бүгінде қостанай облысында олимпиадалық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жас спортшылар халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін үстем етіп жүр. Бұл іс-шараға көк тудың тұғырын биік етіп жүрген аға буын спортшылары да қатысты.

Олар өз ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас буынның спортқа қызығушылығын арттырады. Бүгінде облыста мыңдаған адам спортпен тұрақты түрде айналысады. Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.