Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай қала әкімдігі де жергілікті журналистерге құрмет көрсетті. Салтанатты шара барысында қала әкімі ақпарат саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын халыққа жеткізудегі еңбектерін ерекше атап өтті.
Салтанатты шара Триатлон саябағында ұйымдастырылды. Және бұл тегіннен емес. Тілшілер қауымы тек өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, сан салада атқарылып жатқан істерді ғана емес, сол сияқты салауатты өмір салтын да үнемі насихаттап жүр. Марат Жүндібаев оның маңыздылығына тоқталып, журналистерге соңғы үлгідегі спорттық велосипед сыйлады.