Бүгін жастар сарайында «Алтын микрофон» халықаралық байқауы өтті. 21 жылдық тарихы бар бұл жоба жыл сайын жас талантты анықтап келеді.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға биыл да қатысушылар саны көп. Қазақстаннан бөлек, әлемнің 11 мемлекетінен келген өнерпаздар бақ сынады.