Қамысты ауданында ұлттық мәдени құндылықтарды ұлықтауға бағытталған «Бабалар ізімен» әлеуметтік жобасы бастау алды. Шара Қамыстының 70 жылдық мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылды. Домбыра үні мен ат тұяғының дүбірі үндескен бұл жобаның басты мақсаты — дала мәдениетін қайта тірілту, ұрпаққа аманат ету.