Шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтетін домбыра күніне орай өңірде іс-шаралар легі басталды. Бір айға жуық аудан, қалаларда ұлттық өнерді ұлықтауға арналған концерттер, күй сайыстары, шеберлік сабақтары мен көрмелер өткізу жоспарланған. Фестиваль облыс орталығынан бастау алды.