Өнеріміз саған, Қазақстан! Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін байқаудың жастарға беретін мүмкіндігі жоғары. Себебі осы сайыс арқылы көптеген жаңа есімдерге жол ашылды. Тасада қалған таланттар танылды. Байқау қорытындысы бойынша облыс орталығында гала-концерт өтті. Сонымен қатар бірқатар мәдениет саласының майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды.