Еліміздің ертеңі, ұрпақтың азаттығы үшін кешегі қан майданда от кешкен жылдар бүгінгі буын – біздің, халықтың жадынан еш өшпейді. «Мәңгілік рух» айдарының кезекті кішкентай кейіпкері осылай дейді. Қостанайдағы нөмірі 24-ші мектеп-гимназиясының екінші сынып оқушысы атасының ерлігін мақтан тұтады.