Өңірде өрттің алдын алу шаралары күшейтілді. Қауіпті кезең басталғалы бері Қостанай облысы аумағында жалпы көлемі 34,1 гектарды құрайтын 3 орман өрті болған. Төтенше жағдайлар департаментінің 762 қызметкері және 123 техника бірігіп, жедел әрекет ету қызметінің арқасында тілсіз жауды ауыздықтаған.