Қостанай облысында биыл алғаш ақылы жол пайда болды. Троицк бағытына жүретін жүк көліктері үшін ақша төлеу ақпан айында міндеттелген болатын. Бірақ жүргізушілердің айтуынша, автомагистраль ақылы қылатындай жағдайда емес, тас жолдың кедір-бұдыры мен ойдым-ойдым жері көп.