Шеберлікті шыңдайтын байқау
Әулиекөл ауданында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзіреті бойынша республикалық байқау өтті. Оған еліміздің бірнеше облысынан оннан астам қатысушы қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ауқымды іс-шара «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай ұйымдастырылды.