Қостанай ауданында экологиялық тазалыққа арналған ерекше сенбілік өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінен құралған 10 топ қатысты. Жалпы саны 200 адам экоакцияға ат салысып, аудан аумағын тазартуға, табиғатқа қамқорлық көрсетуге өз үлестерін қосты.