Жасөспірімдер арасындағы есірткі тұтынушылық — қазіргі қоғамдағы маңызды әрі алаңдататын мәселелердің бірі. Бұл құбылыс тек адам денсаулығына емес, сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық және құқықтық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіреді. Тура айтқанда, 21-ғасыр індеті. Дүмпуі дүниежүзін дүр сілкіндіретін дертпен дәстүрлі түрде күресуден тиер пайда аз. Сондықтан қазіргі заман балаларын заманауи нұсқада ақпараттандырған ләзім. Сол себепті, жауапты мамандар есірткі қаупін деректі фильм арқылы түсіндіруге тырысып бақты.