Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен қаладан басталуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде осылай деген еді. Дәл осы ұстанымды ұран еткен қостанайлық белсенді жастар жалпықалалық сенбілікке шығып, Тобыл өзенінің жағалауын қоқыстан тазалады.