Биыл облыста «Қарызсыз қоғам» бағдарламасының жаңартылған нұсқасы – «Қарызсыз қоғам 2.0» іске қосылды. Жаңа жоба қарызы бар азаматтарға көмек көрсетуге арналған. Бағдарламаға қатысушылар мамандардан құқықтық қолдау ала алады. Сондай-ақ қаржылық сауаттылық негіздері бойынша курстан өту мүмкіндігі бар.