Майданда машақат көріп, жеңіс жолында жан пида деп жаумен жұлысқан батыр жерлестерімізді жас буын өкілдеріне үлгі ету үрдісі үзілмек емес. Қостанай жерінен шыққан қаһармандардың көрсеткен көзсіз ерлігі туралы айтылатын айдарымыздың кезекті кейіпкері - Кеңес Одағының Батыры, Илья Яковлевич Сьянов.