Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын шамамен 220 мың адам қан, плазма немесе жасушаларын тапсырады. 285 мыңға жуық донация жасалады. Нәтижесінде 193 мың литр қан сақтауға жарамды күйге келтіріледі. Ал, Қостанай облысы бойынша бір жылда орташа есеппен 15 мың адам қан тапсырады. Донор болуға мемлекеттік қызметшілер де үлес қосуда.