Қала тазалығын сақтап, көгаландыру жұмысына атсалысу әрбір қостанайлықтың міндеті. Себебі, қоршаған орта – бәріміздің ортақ үйіміз. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов экобелсенділермен бірге Қостанайдағы «Жеңіс» саябағында ағаш егіп, «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына қатысты.