Қостанай облысы аумағында 23 теміржол вокзалы бар. Олардың бірде бірі 2015 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Соған қарамастан, қызметін тоқтатпай, жолаушыларды қабылдап келеді. Биыл өңір үшін тарихи сәт. Себебі алты теміржол вокзалы жөнделіп, жаңа кейіпке енбек. Нәтижесінде, қызмет сапасы артады.