Рудный- көлемі жағынан шағын болғанымен, үлкен жобаларды іске асырып келе жатқан қала. Бүгінде кеншілер мекенінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар сәтті орындалып, игілігін жергілікті жұрт көруде. Моноқаланың мүмкіндігі мен межесін бағамдау мақсатында шағын шаһарға облыс әкімі жұмыс сапарымен барды.