Мемлекет басшысы жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасалатынын айтып, ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін гранттық қаржыландыруды жыл сайын арттыруды тапсырды. Осылайша ғылымға терең бойлаған азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Жас ғалымдардың идеяларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле береді. Бұл туралы саланың үздіктері марапатталған жиында айтылды.