2024 жылы Қостанай облысында 8 миллион 120 мың мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетілген. Бұл – алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында бірқатар жаңа жобалар да қолға алынуда. Бұл туралы облыс әкімі өткізген кезекті жиында айтылды. Жиын барысында тұрғындардың онлайн қызметтерді тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ сапаны бақылау мәселелері көтерілді.