«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері». Облыс орталығында осындай тақырыппен оқыту семинар-тренингі өтті. Іс-шараға мұрындық болған - Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері. Жиынға жергілікті құқық қорғау, сот органдарының қызметкерлері,  білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.