Биыл Тобыл өңірінің өткенінен сыр шертетін мәдени мекеме – Тарихи-өлкетану музейіне 110 жыл толып отыр. Ғасырдан астам уақыт өңір шежіресін жинақтап, жас ұрпаққа аманаттап келе жатқан бұл рухани орда – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір. Ұлттық мұраны насихаттап, бабадан балаға мирас ету мақсатында мұражайда маңызы зор, мазмұны бай жиын өтті. Тарихты түгендеп, меңгеру үшін қайтпек керек?