Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери оркестр халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда және түрлі ойын-сауық орталықтарында өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Кезекті шара Қостанайдың орталығындағы ірі сауда орталығында ұйымдастырылды. Бұл жолы да әскери музыканттар тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алды.