Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қара нары. Қайталанбайтын дара тұлға. Шығармаларымен, өзіндік болмысымен бүтін бір дәуірді тәрбиелеген жазушы. Қостанайда Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті еске алуға арналған тағылымды кеш өтті. Оған жастар қызығушылықпен қатысып, өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған тұлға туралы мағлұматтарға қанықты.