Майданда жаумен арпалысып, жеңіс жолында жанын пида еткен жерлестерімізді жас буын өкілдеріне үлгі ету үрдісі үзілмек емес. Қостанай жерінен шыққан қаһармандардың от пен оқтың ортасында жүріп, көрсеткен көзсіз ерлігі туралы айтылар айдарымыздың келесі кейіпкері - Кеңес Одағының Екі дүркін Батыры, ұшқыш, әйгілі «Әуе әзірейілі» Леонид Беда.